Kaspi bank: Бөлімшеде тек қызметкерлер бар, клиенттер жоқ

Сурет: Ербол Казистаев
Kaspi bank Астанадағы бөлімшесіндегі жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Банктің баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, қазіргі уақытта бөлімшеде банк қызметкерлері ғана, клиенттер жоқ. Тәртіп сақшылары қызметкерлерді қорқытқан ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр.

Полиция мен банктің барлық күші ешкімнің зардап шекпеуін қамтамасыз етуге бағытталған. Кез келген ақпаратты таратуға жауапкершілікпен қарауға және құқық қорғау органдарының жұмысына кедергі келтірмеуді сұраймыз. Кез келген қате ақпарат жағдайдың шиеленісуіне әкелуі мүмкін, - делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгін, 18 маусымда ер адам Астанадағы Kaspi банк бөлімшесінің есігін іштен іліп, бірнеше адамды кепілде ұстап отырғаны хабарланды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр.

Полиция департаменті таратқан және әлеуметтік желілердегі фото, видеолардан бұл аумақ қоршауға алынып, адамдардың өтуіне тыйым салынғанын көруге болады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді