Синоптиктер 22 маусымда Қазақстанда күн күркіреп, жаңбыр жауады деп болжады

Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстан бойынша 2023 жылғы 22 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК жариялаған мәлімет бойынша, республиканың барлық дерлік аумағы атмосфералық фронтальды учаскелердің ықпалында болады, соған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста, солтүстікте, шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың басым бөлігінде жел соғады.

Астанада – көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14 м/с болады. Ауа температурасы түнде +7+9°С, күндіз +18+20°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан 3-8 жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с болады. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +28+30°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын желдің екпіні 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +32+34°С.
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті