Қостанай облысында орманшылар штаты 400 адамға көбейді

Сурет: pixabay
Трактор, өрт сөндіру көліктері сатып алынып, материалдық-техникалық базасы жаңартылып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Одан бөлек, орман алқабын күні-түні бақылайтын бейнекамералар орнатылған. Орман айналасындағы биік мұнаралардың басына 38 бейнебақылау құралы қойылды. Оларды сатып алуға 160 миллион тенге жұмсалды, деп жазады "Хабар 24" арнасы.

Бір бейнекамера 20 шақырым аумақты қамтиды. Бақылау құрылғылары диспетчерлік пунктпен тікелей байланыста.

Егер қандай бір жалын, түтін байқалса, орталықтағы компьютерде қызыл белгі пайда болады. Әзірге камералар сынақ режимінде жұмыс істеп тұр.

"5-6 шақырымнан кейін ауылдан өткеннен кейін ұялы байланыс ұстамайды. Сол себептен арасында интернет көтермейді, тарта алмайды, әлсіз. Нақты дұрыстап көрсетпейді видео. Өрт бақылау мұнарасы дейді ғой, сондай жоқ қаланың маңайында. Сол себепті камералар Beeline мұнарасына орнатылған. Негізінен периметр бойынша қала маңайына қойса, кемінде төрт-бесеу жақсы болар еді." Болатбек Табылдин, Орманды күзету және қорғау жөніндегі бас инженер

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды