Маусымның соңғы күні ауа райы қандай болады

Сурет: unsplash
Синоптиктер 30 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек республиканың оңтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында күн жауын-шашынсыз.

"Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейеді. Еліміздің солтүстік-шығысында, шығысында бұршақ жауады, солтүстікте, түнде және таңертең шығыста тұман, оңтүстік-батыста күндіз шаңды дауыл соғады"."Қазгидромет" РМК

Астанада көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде +11+13°С, күндіз +22+24°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғатын желдің күші секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +26+28°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +33+35°С.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады