Синоптиктер 4 шілде күні Қазақстанда жаңбыр жауады деп болжады

Астана, Алматы, Шымкент, ауа райы болжамы Сурет: pixabay
Синоптиктер еліміз бойынша 2023 жылғы 4 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ауа райы болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
"Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады, күндіз солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта бұршақ жауады, түнде және таңертең солтүстікте тұман түседі". "Қазгидромет" РМК

Астанада – көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +17+19°С, күндіз +28+30°С.


Алматыда – көшпелі бұлт шығады, түнге қарай өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 3-8 жел соғады, күндіз екпіні 13 м/с болады. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз өте ыстық +33+35°С.


Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +19+21°С, күндіз +32+34°С.

Алматы
Шымкент
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

2025 жылдың 1 мамырынан бастап жедел жәрдем қызметі қалай жұмыс істейді

"Бөдененің жұмыртқасындай". СҚО-да бұршақ жауды

Телефондағы деректердің ұрлануынан қалай қорғануға болады - үздік 3 кеңес

Алматыда 30 сәуірде дабыл белгілері іске қосылады

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы