Ресейде рубль тағы құлдырады

Сурет: pixabay
Соңғы бір жылда Ресейдің ұлттық валютасы 70 пайызға арзандаған. Көрші елдегі девальвация әлі де жалғасуда.

Бір айда рубльдің долларға шаққандағы құны тағы 10 пайызға төмендеді. Өткен жылы жаз айларында бір доллар 60 рубльдің айналасында болса, қазір 90 рубльден асты, деп жазады qazaqstan.tv.

Сарапшылар бір жылдан соң 150 рубльге дейін жететінін айтады.

Девальвацияның өсіп, ұлттық валютаның құлдырауына экономикалық шектеулер әсер етуде.

Ресей салынған санкция бойынша әлемде бірінші орынға шықты. Бұл күнкөрістің төмендеп, кедейлердің артуына себеп болған.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының санын 18,5 пайызға арттыру жоспарланып отыр. Бұл азаматтардың сатып алу қабілетін арттыруға және кедейлікпен күреске бағытталған. Өйткені бүгінгі күні 15 млн-ға жуық ресейлік кедейшілік деңгейінде өмір сүруде. Светлана Бессараб, Еңбек, әлеуметтік саясат және ардагерлер комитетінің мүшесі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды