Президент: Қазір Астана – дінаралық диалог пен рухани дипломатияның ордасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астананың 25 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумында Астана жаңару мен жаңғыруға жол ашқан бірегей қала деп ойын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгінде Астана жан-жақты әрі қарқынды дамуда. Елордамыздың халықаралық беделі артуда. Астана ЮНЕСКО-ның шешімімен "Бейбітшілік қаласы" атанды. Бас қаламызда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының саммиті, ЭКСПО халықаралық көрмесі өтті, деп ойын жеткізді президент. 

"Қазір Астана – дінаралық диалог пен рухани дипломатияның ордасы. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі – соның айқын көрінісі. Елорда төрінде түрлі конфессия өкілдері бас қосты. Астанаға Рим папасы арнайы келгенін білесіздер. Кезінде аса мәртебелі ІІ Иоанн Павел қонақ болды. Былтыр аса қадірлі Франциск келді. Олар Қазақстанның әлемдік руханиятты нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады. Біздің игі бастамаларымызға қолдау білдірді. Бұл – біз үшін зор мәртебе".Президент

Астана – діннің басын қосқан, дінбасылардың дәстүрін тоғыстырған шаһар. Бұдан бөлек, елорда төрінде талай мәрте дүбірлі додалар мен халықаралық сайыстар өтті. Бір сөзбен айтқанда, Астананы бірлік пен берекенің бесігі деуге толық негіз бар, -деді президент.


"Қазір Астанада Алматы, Ақмешіт, Орынбор, Түркістан, Сауран, Сығанақ, Сарайшық көшелері бар. Бұл – елдік пен мемлекеттілік тарихының нақты көрінісі. Астана – еліміздің жүрегі. Бұл қалада ең маңызды шешімдер қабылданып жатыр. Келешекте де лайым солай болмақ" Мемлекет басшысы
Қазақстан Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: