Астанадағы интернет пен ұялы байланыстың сапасы сын көтермейді – Тоқаев

Сурет: pixabay
11 шілдеде елорданы дамытуға арналған кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы интернет пен ұялы байланыстың сапасы нашар екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол қазіргі цифрлық өркениет пен білім экономикасы жағдайында адамның, әсіресе қала тұрғынының басты қажеттіліктерінің бірі интернетке қолжетімділік екенін атап өтті.

"Біз Астананы барлық жерде "ақылды қала" және аймақтық IT хаб деп жариялап жүрміз, бұл автоматты түрде негізгі цифрлық инфрақұрылымның сапасы жоғары болуы керек екенін білдіреді. Алайда елордадағы интернет пен ұялы байланыстың сапасы сын көтермейді. Ол тұрғындарға ғана жайсыздық әкеліп қоймай, сонымен қатар қала экономикасына елеулі зиян келтіреді, елорда қонақтарына өте жағымсыз әсер қалдырады", – деді мемлекет басшысы.

Бұған қоса Президент Астананы Торонто мен Хельсинки үлгісінде көгалдандыруды ұсынды.

Қасым-Жомарт Тоқаев
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады