Жамбыл облысында найзағайдан бір үйір жылқы қырылып қалды

Сурет: pixabay
Жамбыл облысында 27 бас жылқы найзағайдан қырылып қалды. Оқыс оқиға Рысқұлов ауданында болған.

Жылқылардың жай отынан жаппай сұлауына бір жерде тұрып қалуы себеп болған сыңайлы. Олар нөсер кезінде сай ішіне ықтап кеткен. Ал малынан айырылғандар шығынын кімнен өндірерін білмей дал.

Аудан әкімдігі төтенше жағдай жарияланған жағдайда немесе жаппай ауру тараған кезде ғана өтемақы төленетінін айтады.

Үйді залогқа қойып,несиеге мал алған ем. Ойда-жоқта осындай оқиғи болды. 5 миллион теңгеге шығынға ұшырап отырмын. Нұрболат Мырзақұлов, Тереңөзек ауылының тұрғыны

Әзірге әкімдік тау ішінде жатқан жылқыларды залалсыздандырумен айналысып жатыр.

"Комиссия құрылған. Комиссия құрамына құзырлы органдар мен заңгер мамандар енгізіліп отыр. Қазір зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Мәселе аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында." Әлібек Терлікбаев, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды