Ақтөбеде 70 мұғалім заңсыз үстемеақы алып келген

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбеде 70 мұғалім жасанды құжат арқылы 2-3 жылдан бері жалақысына заңсыз үстемеақы алып келген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік пен білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жүргізген тексеріс нәтижесінде белгілі болды, деп жазады qazaqstan.tv.

Тағы 53 мұғалімге арнайы тестілеуден өте алмаса да өтті деген жалған анықтама берілген.

Заңсыз әрекетке барған педагогтар мемлекетке 100 миллион теңгеден аса қаржыны қайтаруы тиіс. Оларға жасанды құжат берген мекемелер де тексеріледі.

"Қағаз түрінде алып келген сертификаттары мен базадағы балл екеуі сәйкес келмейтіні анықталып отыр. Олардың айырмашылығы тіпті оннан 35 баллға дейін барып отыр. Олар заңбұзушылыққа барып отыр ғой, бұл ретте олардың санаты педагогқа дейін түседі және бес жылға дейін аттестаттаудан өте алмайды." Гүлнара Сәрсенғалиева, облыстық Білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты