Жамбыл облысында 80 млн теңгеге салынған саябақ қараусыз қалды

Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысында 80 млн теңгеге салынған саябақ қараусыз қалды. Қаратау қаласындағы қаңыраған үйлердің қатарына енді атшаптырым аллея да қосылды.

Сұрықсыз саябақты белуардан шөп басқан. Кәріз құбырының иісі қолқаны қабады. Күзет бөлмесін қаңғыбастар мекендейді, деп жазады qazaqstan.tv.

Ал аудан атқамінерлері Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс жүріп жатқанын айтады. Құрылысты жүргізген "Таза-Талас" компаниясы да тергеуге тартылған.

Ортасына келгенде осындай болды. "Парк болады, керемет болады", - деді. Болды. Білмейміз әрі қарай. Адас Кішкентаева, Қаратау қаласының тұрғыны
2021 жылдан бастап ол жерде сот процесі жүріп жатыр. Тергеу. Сот өткен жылы аяқталған болатын. Қайтадан басталды биыл. Тергеу боп жатыр ол жерде. Толық ақпарат бере алмаймын. Дархан Байымбетов, Қаратау қаласының әкімі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?