Астанадағы Ұлттық пантеонда орындар таусылып жатыр

Сурет: Islam.kz
Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары Дәрменияр Қыдырбекұлы мәслихатта Ұлттық пантеонда жерлеуге небәрі төрт орын қалғанын айтты. Ол кеңейту қажет деп есептейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрменяр Қыдырбекұлы Ұлттық пантеон Астанадан 17 шақырым жерде орналасқанын еске салды.

"Оның жалпы аумағы 4 гектар. Жерлеуге арналған 25 орын болған, бірақ бүгінде 21орынға адам жерленіп, қазір төрт-ақ жер бос қалды. Пантеонды кеңейту керек", - деді ол.

Қалалық мәслихаттың хатшысы Ерлан Каналимов тамыз айының басында алаңнан тыс кездесуді белгіледі.

"Жалпы төрт орын қалды, ріптестер. Құдай сақтасын, қыста бір қоғам қайраткері қайтыс болса, осы жерге тартыс басталады, орын таппаймыз. Оған дейін кім бар, кім жоқ, бір Құдайға аян. Дегенмен алдын ала дайындалу керек. Себебі бұл бір күннің мәселесі емес", - деді ол.
Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды