Еліміздің қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды
Сурет: unsplash
Маңғыстау облысында түнде және таңертең оңтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік және солтүстік-батыс бағытта соғады.
Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай болады, күндіз кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және екпінді жел күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, таулы жерлерде 15–20 м/с. Тараз қаласында күндіз жаңбыр, найзағай және бұршақ болады.
Астана қаласында түстен кейін жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі, күндіз шаңды дауыл соғады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді.
Алматы облысында күндіз оңтүстігі мен таулы аймақтарда өткінші жаңбыр мен найзағай болады. Жел шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, шығысы мен тауда екпіні 15–20 м/с. Алматы қаласында күндіз өткінші жаңбыр мен найзағай, жел екпіні 15 м/с болады. Қонаев қаласында жел екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді.
Ақтөбе облысында күндіз солтүстігі мен шығысында солтүстік желдің екпіні 15–18 м/с болады. Ақтөбе қаласында жел екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.
Абай облысында күндіз оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыс және оңтүстік-шығыстан соғады, 15–20 м/с, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз оңтүстік-шығысында жел екпіні 15–20 м/с болады. Түнде шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен найзағай болады, түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с. Түнде солтүстігі мен шығысында 1 градус үсік болады.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде батысында аздаған жаңбыр мен найзағай болады, күндіз жаңбыр, найзағай, дауыл, батысы мен солтүстігінде бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік және оңтүстік-батыстан соғады, 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с.
Ақмола облысында күндіз батысы, солтүстігі және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Кей жерлерде шаңды дауыл болады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, 15–20 м/с, екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.
Қостанай облысында түнде батысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай, кей жерлерде қатты жаңбыр мен бұршақ болады. Күндіз батысы, солтүстігі және шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтіледі. Жел солтүстік және солтүстік-батыстан соғады, екпіні 15–20 м/с.
Жетісу облысында күндіз таулы аймақтарда аздаған жаңбыр мен найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, шығысында 15–20 м/с, Алакөл маңында екпіні 23–28 м/с, кей уақытта 30 м/с және одан да жоғары болады.
Қарағанды облысында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–18 м/с болады.
Ұлытау облысында күндіз солтүстігінде жаңбыр мен найзағай, шығысы мен орталығында аздаған жаңбыр мен найзағай болады. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15–20 м/с.
Қызылорда облысында орталығы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай, шаңды дауыл болады. Жел батыс және солтүстік-батыстан соғады, 15–20 м/с. Қызылорда қаласында күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі.
Бұған дейін синоптиктер мамырдың алғашқы күндеріне болжам жасаған болатын.