Шымкентте 1,5 миллиард теңге автокөлік салығы төленбеген

Сурет: pixabay
Шымкент қаласында бүгінгі таңда 36 мыңнан астам азамат автокөлік салығын төлемей жалтарып жүр. Салдарынан шаһар қазынасы 1,5 миллиард теңгеге жуық кірістен қағылып отыр.

Қордаланған қарыздарды өндіру мақсатында шаһарда арнайы рейдтік тексерістер басталды.

Берешегіне қарамай Шымкент көшелерінде жүйіткіп жүрген автокөліктер осылай жол полицейлерінің құрығына ілігуде. Полиция департаментінің жедел басқарау орталығы салықтан сытылып кеткісі келгендерді ақпараттық база арқылы бірден анықтап беруде, деп жазады qazaqstan.tv.

Сондай-ақ "Сергек", "Интегра" және "Қорғау" жүйесі арқылы да айыппұл төлемегендер құрыққа ілініп жатыр. Жалпы Шымкент қаласы бойынша салық департаментінде 300 мыңдай автокөлік тіркелген. Оның 36 мыңы астамы өткен жылғы салығын төлемеген.

Салық төлеушілерге хабарлама жолданған берешегі бар екендігі туралы. Олар заңға сәйкес 30 жұмыс күні ішінде орындамаса салық бұйрығы қалыптастырылады. Әрі қарай оны да орындамаса салық бұйрығы жеке сот орындаушыларға жолданады. Мәжбүрлеп өндіруге. Аббасхан Сейдахметов, қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек