БҚО-да бұрын сотты болған тұрғын көршісінен ақша бопсалаған

Сурет: ҚР ІІМ
БҚО-да Шыңғырлау ауылының бұрын екі рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған тұрғыны бостандыққа шыққаннан кейін ескі әдетін қайта бастаған. Ол ТҚС иесінен ақша бопсалаған.

БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізу барысында ауыл тұрғынының қылмыстық іс-әрекетін әшкереледі. БҚО ПД ЖҚАЖ қызметкерлерінің қатысуымен бопсалаушы ұсталды.

Анықталғандай, 42 жастағы күдікті 20 маусым мен 16 шілде аралығында өзінің 34 жастағы көршісіне күш қолдану арқылы қауіп төндіріп, жәбірленушіден ақшалай қаражат бопсалаған.

Жеке тінту барысында ұсталған адамнан жәбірленушіден алған 60 мың теңгесі, сонымен қатар одан ерекше иісі бар қара-жасыл заты бар қағаз бумасы және ОРРО телефоны табылып, тәркіленді.

42 жастағы күдікті бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылып, 18 жылға жуық бас бостандығынан айыру орындарында отырған.

Белгілі болғандай, мұндай ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру тиісті нәтиже бермей, қайтадан бостандыққа шығып, тағы да қылмыстық жолға түскен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 194-бабы (Қорқытыр алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды