Видеоның ең басында республикалық маңызы бар А-17 Қызылорда – Павлодар – Успен – Ресей Федерациясының шекарасы (Қарағанды облысындағы Родниковский кентінен Павлодар облысының шекарасына дейін) республикалық маңызы бар тас жол учаскесінің жөндеуге дейін қандай нашар күйде болғанын көруге болады.
"Жолдың бұл бөлігі Қарағанды мен Павлодар облыстарын байланыстырады"."ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі
Ұлттық компанияның мәліметінше, республикалық маңызы бар А-17 тас жолының учаскесі арқылы тәулігіне 8 мыңға жуық көлік өтеді.
2023 жылдың 14 шілдесінде Алматы облысында "Асыл арман" тұрғын үй кешенінен шыға берістегі эстакадада жол жұмыстарының барлық негізгі түрлері аяқталғаны белгілі болды. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметі енді тұрғын үй кешенінің тұрғындары "құбыр" типті жол айрығы арқылы Алматыға қарайтын тас жолға және республикалық маңызы бар Алматы – Бішкек автожолына дейін еркін жүре алатынын атап өтті.