Ресейде еңбек мигранттарына талап күшейтіледі

Сурет: unsplash
Ресейде еңбек мигранттарына талап күшейтіледі. Өйткені көрші елде ағымдағы жылдың алты айында шетелдік жұмысшылар 22 мыңнан астам қылмыс жасаған.

Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,3 пайызға көп. Енді шетелдік азаматтар үшін жаңа ережелер енгізіледі, деп жазады qazaqstan.tv.

Яғни Ресейде жұмыс істеуге рұқсат алу үшін тұрақты және заңды табыс көзінің болуын растайтын құжаттар талап етіледі.

Сондай-ақ орыс тілінен емтихан тапсыру да міндетті, бірге келетін отбасы мүшелерінің саны да шектеулі.

Осы жылдың маусым айында Ресейден 7000-нан астам еңбек мигранты депортацияланды.

Соңғы жылда 140 мыңнан астам еңбек мигрантына Ресейге кіруге тыйым салынған. Басым бөлігінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеуінің мерзімі өткен. Сондай-ақ әкімшілік құқық бұзғандар да көп. Алайда еңбек мигранттарының тіркеуге тұруы қиын екені жасырын емес. Себебі міндетті түрде қарсы алушы тарап болуы тиіс. Бұл мәселе қайта қаралуы керек деп ойлаймын. Вадим Коженов, сарапшы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі