Астанада 12 автобус бағытының қозғалыс кестесі уақытша өзгереді

Сурет: unsplash
Астанада Манас көшесіндегі жол жұмыстарына байланысты 12 автобус бағыты уақытша қозғалыс тәртібін өзгертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қалалық көлік жүйелері" ММ хабарлауынша, Манас көшесінің бойындағы жолды жөндеуге байланысты Астанадағы №23, 48, 72, 80, 304, 313, 315, 316, 318, 321, 322, 327 автобус бағыттары өзгертіліп жатыр.

№23 автобус Абылайхан даңғылы, Рысқұлбеков көшесі мен Құдайбердіұлы даңғылын айналып өтеді. №72 және №48 автобустар Абылайхан даңғылының бойымен өтіп, Рысқұлбеков көшесіне бұрылады. Басқа көрсетілген автобустар Абылай хан даңғылы мен Мұстафин көшесінен бұрылып, одан кейін Құдайбердіұлы даңғылымен жүреді.

Өзгерістер жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін күшінде болады.

Бұған дейін Астанада 11 автобус бағытының қозғалыс схемасы өзгертілген еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады