Астанада түнгі және экспресс маршруттар жүре ме

Сурет: primeminister.kz
"№1 автобус паркі" АҚ басқарма төрағасы Медет Шақаев Астанада түнгі маршрутты іске қосу және экспресс-автобустарды қайта шығару мүмкіндіктері туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

БАҚ өкілдері қалада бұрын экспресс-маршруттардың жұмыс істегенін, соның арқасында жолаушылар діттеген жеріне тез жеткенін еске салды. Бірақ кейін қала көшелерінен экспресс автобустар алынып тасталды. Журналистер "Мұндай бағыттар Астанада қайта пайда болуы мүмкін бе?" деп сұрады.

"2018 жылы қалада экспресс автобустар жүрді, оның жол ақысы қымбат болды. Бірақ соған қарамастан олар тиімсіз болды. Өйткені қалалықтар жиі пайдаланбады. Сол үшін біз оларды алып тастадық", - деп түсіндірді Медет Шақаев.

Оның айтуынша, тасымалдаушылар түнгі бағыттарды іске қосу мәселесін де қарастырмайды.

"Бүгінде біз түнгі бағыттарды іске қосуды жөн санамаймыз, өйткені олар пайда әкелмейді, жолаушылар тасымалы болмайды. Бұл шығынға әкелуі мүмкін", - деді спикер.

Бұған дейін Медет Шақаев Астанадағы қоғамдық көліктегі жолаушылардың жартысынан көбі жол ақысын төлемейтінін айтқан еді.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін