Еңкейіп өтеміз: Алматы облысындағы саяжайлықтар газ құбырын көтеруді талап етіп отыр

Сурет: видеодан скриншот
Биіктігі 1м 30 см болатын құбыр ауылдан жарты шақырым жерге дейін тартылған.

Бейнжазба желіге жүктелгелі, жұрттың таңданысын тудырып қызу талқыға түсті. Іле ауданына қарасты Ардагер-Ветеран саяжайында орналасқан бұл көшеде, көгілдір отын өтетін құбырдың аласа екені анық көрінеді, деп жазады almaty.tv.

"Еңкейіп өтеміз. Тиісті компанияға барып, ескерттік. Қайта жөндеу үшін 1 миллион сұрады. Өрт болған жағдайды, барлық үй бір секундта жанып кетеді ғой", – деді саяжай тұрғыны Мадина Қыдырбаева.

Аталған аймаққа газ құбырларын тартумен айланысатын серіктестіктің кеңсесіне бас сұқтық. Ондағы мамандар ақысын төлесе көтеріп, жасап бере алатынын айтты.

"Иә! Халық өтініш беруі керек. Содан соң барып, шығынды есептейміз. Мүмкін 150 мың болады. Бірақ "ҚазТрансГаз" газды өшіру құнын өзі есептейді", – деді газ құбырын орнату компаниясының маманы Дәулетбай Ержанов.

Биіктігі 1м 30 см болатын құбыр ауылдан жарты шақырым жерге дейін тартылған. Тіпті, кейбір жерлерде жердің астымен де өткізген екен. Ал аласа құбырды биіктету үшін көше тұрғындарының бірі қалмай арыз жазуы керек.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін