Павлодар облысында 15 адам суға кеткен

Сурет: pixabay
Шомылу маусымы басталғалы Павлодар облысында 15 адам суға кеткен. Олардың үшеуі кәмелеттік жасқа толмаған бала.

Бірақ ресми тіркелгені 4-ақ адам. Өйткені өкілетті органдар шомылуға арнайы рұқсат берілген жағажайларда болған жазатайым оқиғаларды ғана статистикалық есепке алады, деп жазады qazaqstan.tv.

Айта кету керек, биыл Ертіс өзені тартылып барады. Суы таяздап қалған жерлерде адамдар шомылатын орын жасап алған. Мәселен, суға түсуге былтыр 35 орында рұқсат берілсе, биыл 47 жағажай жұмыс істеп тұр.

"Суға батып қайтыс болғандардың бәрі рұқсат етілмеген жерде шомылған. 228 адамға айыппұл салдық. Бұл өткен жылғыға қарағанда екі есе көп. Себебі күн ыстық. Адамдар суға түскісі келеді. Ең қиыны мас күйінде келген 181 адам жағажайда ұсталынды. Өткен жылы 46 адам айыппұл арқалаған болатын." Олег Трещев, Облыстық ТЖД бастығының орынбасары
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді