Шымкенттік жігіттен досы "интим фотолары" үшін 100 мың доллар ақша бопсалаған

Сурет: otyrar
Шымкенттік тұрғын өз досының құрбаны болды. Жәбірленуші полицияға арызданған, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Жас жігіттің айтуынша, әлеуметтік желінің белгісіз қолданушысы қорқытып, 100 мың доллар талап еткенін көрсетті. Әйтпесе оның интимдік сипаттағы жеке суреттері мен видеоларын интернетке жариялаймын деп қорқытқан.

Өз беделіне алаңдаған тұрғын келісіп, оның нұсқауын орындауға тура келген. Содан бопсалаған соманың 10 миллион теңгесі салынған сөмкені көшелердің біріндегі темір құбырдың астына қалдырған.

Күдіктіні бірнеше сағаттан кейін ақшаны алуға келген кезде полицейлер ұстады.

Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Ұсталған адам өзінің досы болып шықты.

Белгілі болғандай, досының мас күйін пайдаланған жолдасы оның смартфонындағы жеке суреттері мен видеоларын өзіне өткізіп алған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

"Тісі жоқ болғандықтан ұялған": сүйістен бас тартуы жас қазақстандық қыздың өміріне қауіп төндірді

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған