15 жастағы жасөспірімді жүкті қылып қойған Абай облысының тұрғынына сот үкім шығарды

Сурет: ҚР ІІМ
Абай облысы Бесқарағай ауданының пробация қызметінің есебінде 15 жастағы қызбен қарым-қатынасқа түскен азамат 2 жылға бас бостандығынан шектетілді, деп хабардайды Zakon.kz.

21 жастағы Сергей мен 15 жастағы Лена (есімдері өзгертілген) әлеуметтік желіде танысып, ұзақ уақыт сөйлесіп жүрген.

Бір-бірін ұнатқаннан кейін олар кездесе бастаған, ата-аналары олардың қарым-қатынасына қарсы болмаған. Олардың кездесулерінің нәтижесі 15 жастағы Лена жүктілігіне алып келген. Ленаның жүктілігі туралы білгеннен кейін, екі жақтың ата-аналары қыздарының 16 жаска тола салысымен балаларды бірден үйлендіруге келіскен.

Алайда, мектеп медбикесі Ленаның жүкті болғанын біліп, аудандық полиция бөліміне хабарласқан. Осы тарапта ҚР ҚК-нің 122-бабы бойынша он алты жаска толмаған азаматтармен жыныстық қатынас үшін жауапкершілік қарастырылған.

Аталған баппен Сергей қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сот барлық жағдайларды және жәбірленуші мен оның заңды өкілдерінің оған ешкандай наразылығының жоқтығын және оны жазаламауды сұрамағанын ескеріп, оған 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындады.

Қазіргі уақытта ол Бесқарағай ауданының пробация қызметінің есебінде тұр. Пробация қызметі оған Лена мен баланы қамтамасыз ету үшін жұмыска орналасуға көмектесті. Сонымен қатар оны тұрғылықты жері бойынша үнемі тексеріп отырады, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды зерттейді, әңгімелесулер жүргізеді. Жақында ғана Сергей мен Лена ұлды болды.

Сергей өзінің іс-әрекеті үшін барлық жауапкершілікті түсініп, Ленаға барлық жағынан көмек көрсетіп, үлгілі отағасы болуға тырысып жүр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты