Жетісу облысының тұрғынын тонаған екі ағайынды жауапқа тартылмақ

Сурет: Zakon.kz
Аталған дерек Көксу ауданында тіркелді. Онда жергілікті полицейлер тонау жасады деген күдікпен Теректі ауылының екі тұрғынын ұстады.

Күдіктілер, 37 және 46 жастағы ағайындылар болып шықты. Олар бір күн бұрын ауыл тұрғынына қонаққа барған, масайып қалғаннан кейін үй иесін ұрып-соғып, тонап кеткен.

Ұялы телефоны, 20 мың теңге және автокөліктің кілтінен айырылған жәбірленуші Көксу аудандық полициясына арызданған.

"Қолма-қол ақшаны қоспағанда, жәбірленушіден тартып алған барлық заттар табылды және заңды иесіне қайтарылды. Ұсталған ағайындылардың бірі бұрын істі болғандығы белгілі болды. Қазір оларды қамауға алу туралы мәселе шешіліп жатыр. Іс бойынша тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 191-бабына сәйкес (Тонау) жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады аудандық полиция.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі