Тоқаевтың екібастұздық көп балалы анаға берген уәдесі: нысан демеушілер есебінен салынады

Сурет: akorda.kz
2023 жылғы 9 тамызда Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Екібастұзға барып, тұрғындармен кездесті. Әңгіме барысында президент көп балалы ананың өтінішін орындауға уәде берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиында көп балалы ана Аяна Смағұлова балалардың бос уақытын тиімді өткізу, жан-жақты дамыту үшін қалада шығармашылық үйін салу қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы онымен келісті.


"Мен ескертіп жатырмын. Енді тікұшақпен тапсырыс беремін, қаражат табамыз. Аз уақытта міндетті түрде шығармашылық үйін саламыз". Қасым-Жомарт Тоқаев

Бүгін, 10 тамызда баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook желісіндегі парақшасында мәселенің шешілгенін хабарлады.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өскелең ұрпақтың шығармашылық және интеллектуалды қабілеттерін дамытуға арналған әлеуметтік нысанды салу жөнінде шешім қабылданды. Нысанды қаржыландыру көзі табылды. Шығармашылық үйі демеушілердің есебінен салынады", - делінген ақпартта.

Облыс әкімдігіне жобаның жүзеге асырылуын қадағалау тапсырылды, деп жазды Желдібай

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды