"Мен Аружанмын": қазақстандықтар бұрынғы McDonald's-тың жаңа маңдайшасына таңданып жатыр

Сурет: видеодан скриншот
Бұрынғы McDonald's мейрамханаларының ғимараттарындағы маңдайшалар кеше түнде өзгертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзгерістерді алматылықтар байқап, фото-видеоға түсіріп, бөліскен. Қазір желіде түрлі атау жазылған бұрынғы McDonald's дәмханалары түсірілген кадрлар тарап жатыр.

Дәмхана маңдайшаларында "Мен Аружанмын", "Мен Юлиямын", Мен "Мәдиярмын", "Мен Әйгеріммін" және тағы басқа деп жазылған. Қазақстандықтар бұл жаңалықтың логикасын түсініп көруге тырысып жатыр. "Рестораторлар мекемелердің атауын осылай қойып отыр ма?" деп таңданды жұрт.

Басқарушы компания мұндай өзгеріс болғанын түсіндірді, бірақ оның мәнін кейінірек ашуға уәде беріп отыр.

"Қазір Қазақстанның 6 қаласындағы 24 мейрамхананың маңдайшалары жаңарды", - деді "Food Solutions KZ" ЖШС баспасөз қызметі.

2023 жылдың 5 қаңтарында McDonald's Қазақстандағы жұмысын тоқтатты. Екі апта өтпей жатып "Вкусно-и Точка" азық-түлік желісі Қазақстанда тауар таңбасын тіркеуге өтініш бергені белгілі болды. Қаңтар айының соңында Қазақстанда атауы жоқ бұрынғы McDonald's мейрамханалары ашылды.

Қазақстан
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды!

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті