Қызылордада ұры сауда жасап тұрғанда оңтайлы сәтті пайдаланып, екі алтын алқаны қолды қылған

Сурет: zakon.kz
9 тамызда қала аумағындағы екі зергерлік дүкенде ұрлық дерегі болды. Жәбірленушілер сауда жасап тұрғанында ұры оңтайлы сәтті пайдаланып, екі алтын алқасын қолды қылған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Келтірілген материалдық шығын – 300 мың теңге.

Полиция қызметкерлерінің кәсіби және жедел әрекеттерінің арқасында осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен бұрын сотты болған 29 жастағы Атырау тұрғыны ұсталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі 2-тармағы ("Ұрлық") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Күдікті азамат басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Полицейлер оның басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.


Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Самұрық-Қазына" және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді

Метрода қырқысқандар жазаланды. Біреуі қамауға алынып, екіншісіне айыппұл салынды

Шымкентте Қазақстан Халық Кеңесінің қызметі талқыланды

Бокстан жасөспірімдер Олимпиадасы: Ақнұр Тұрсынғали күміс медаль иеленді

"Көктайғақ, тұман, қатты жел". Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды