"АрселорМиттал Теміртау" шахтадағы өрт кезінде қаза тапқан қызметкердің аты-жөнін жариялады

Сурет: pixabay
"Қазақстан" шахтасындағы өрт салдарынан 39 жыл еңбек өтілі бар жерасты электршебері қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz ""АрселорМиттал Теміртау"-дың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"АрселорМиттал Теміртау Көмір департаментінің "Қазақстан" шахтасындағы өрт салдарынан компания қызметкері, 1965 жылы туған Виталий Владимирович Слюньков (жерасты электршебері, 5-разряд, еңбек өтілі 39 жыл) қаза тапты. Біз марқұмның отбасына қайғырып, көңіл айтамыз".  АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі

Апат кезінде жер астында 227 қызметкер болған. 222 адам жер бетіне жедел шығарылды, қалған төрт кеншіні іздестіру жалғасып жатыр. 

"Қазіргі уақытта желдетудің дұрыс режимін қалпына келтіру және кеншілерімізді іздеуді жалғастыру үшін өртті оқшаулау жұмыстары жүзеге асып жатыр. Құтқару қызметтерінің 12 бөлімшесі жұмыс үстінде. Біз марқұмның отбасына қайғырып көңіл айтамыз, оларға барынша қолдау көрсетеміз"."АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры Виктор Гафиулов

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев

Бақытжан Темірболат Президент Кеңсесінің уақытша бастығы болады

Алматыда лайк үшін заң бұзғандар жазаланды

Қазақстанда әскерге шақыру мен ант қабылдау рәсімі жаңа форматта өтеді