Алматыдағы Шаляпин көшесін орташа жөндеу басталды

Сурет: Zakon.kz
Жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындысына сәйкес биылғы жоспарға Шаляпин көшесінің Береговой көшесінен Әшімов көшесіне дейінгі ұзындығы 4 шақырым бөлігін қосу туралы шешім қабылданған болатын. Жөндеу жұмыстарын 31 тамызға дейін аяқтау жоспарланған.

18 тамыз сағ.23:00-ден 20 тамыз 06:00-ге дейін полимерлі асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Шаляпин көшесінің Әшімов көшесінен Яссауи көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен уақытша шектеледі.

Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Almaty_Joly телеграм арнасында (https://t.me/AlmatyJoly) , сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында жазылған.

Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр.


"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз. Бұл қала жолдарын ұзақ уақыт пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар", -делінген әкімдік таратқан ресми ақпаратта.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда