21 тамыздағы саудада доллар күрт төмендеді

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 7,27 теңгеге төмендеп, 452,34 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да төмендеп, 61,77 теңгені (-1,55) құрады.

Еуро бағамын Ұлттық банк 501,69 теңге, рубльді 4,95 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар 452-455 теңге, еуро 492-496 теңге, ресей рублі 4,75-4,97 теңге аралығында сатылуда.

Ал, әлемдік эталондық мұнай бағасы өткен аптада төмендегеннен кейін 21 тамыздағы аукционда көтеріліп жатыр.

Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында Brent маркалы қазан айындағы фьючерстерінің құны 0,92%-ға өсіп, барреліне 85,58 долларды құрады.

NYMEX электрондық саудасында қазан айындағы WTI мұнай фьючерстері 0,92%-ға өсіп, барреліне 81,40 долларды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты