22 тамыздағы саудада доллар айтарлықтай құлдырағаннан кейін көтерілді

Қазақстан қор биржасының (KASE) мәліметінше, 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,73 теңгеге қымбаттап, 453,13 теңге болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы да сәл көтеріліп, 62,15 теңгені (+0,38) құрады.

Еуро бағамын Ұлттық банк 493,05 теңге, рубльді 4,8 теңге деп белгіледі.

Ақша айырбастау орындарында доллар – 453-456 теңге, еуро – 494-498 теңге, ресей рублі – 4,77-4,97 теңгеден сатылуда.

Ал 22 тамыздағы аукционда эталондық мұнайдың әлемдік бағасы төмендеп жатыр.

Осылайша, Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстері 0,14%-ға арзандап, барреліне 84,34 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында WTI маркалы мұнайдың қыркүйектегі фьючерстері 0,02%-ға төмендеп, барреліне 80,7 долларды құрады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: