Әскерге тіркеу электронды форматқа ауысады

Сурет: Zakon.kz
Елімізде әскерге тіркеу электронды түрде жүргізіледі. Бұл туралы Қорғаныс министрінің орынбасары мәлімдеді.

Жоба 2024 жылдан бастап egov.kz және "еGov" мобильді қосымшасы арқылы жұмыс істейді, деп жазады qazaqstan.tv.

Яғни, 17 жасқа толған азаматтың құжаттары, денсаулығы туралы мәліметтер Қарулы күштердің электронды базасына енгізіледі.

Бұл шешім әскери комиссариаттардың алдындағы ұзын-сонар кезек пен қағазбастылықтан арылу мақсатында қабылданып отыр.

"Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу процесі автоматты түрде жасалынатын болады. Негізі тіркеу процестері қаңтардың басынан наурыздың аяғына дейін жүргізіледі. Бұл жұмыстың арқасында біз мемлекет үшін 1 миллиардтан астам қаржысын және азаматтардың уақытын, колледж және мектеп, акиматтың уақытын үнемдеп отырмыз." Дархан Ахмедиев, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі