Қарағанды облысында 9 ауыл жарықсыз қалды

Сурет: unsplash
Қарағанды облысының Шет ауданында негізгі тоқ желілері өртеніп, бір мезетте 9 ауыл жарықсыз қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазір барлық ауылға электр қуаты берілді. Мамандар түні бойы ақауды жөндеп қалпына келтірді.

Шет ауданына қарасты Қошқарбай ауылында трансформаторлық май және оның өзге де жанғыш бөлшектері өртенген.

Жалпы 25 шаршы метр аумақ отқа оранған. Оқиға кеше түнде болды.

Салдарынан Қошқарбай, Ақсу, Шопа, Қызылқой, Талды сынды көршілес жатқан 9 елдімекен жарықсыз қалды. Өрт 1,5 сағаттан соң толық сөндірілген.

Электр желісіне жауапты компания абоненттерді өзге трансформаторларға қосып, барлық ауылға тоқ берді. Қазір өрттің неден шыққаны анықталуда.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін