Алматыда Байзақов көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды

Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
Жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындыларына сәйкес орташа жөндеу жоспарына Байзақов көшесі енгізілген болатын.

29 тамыз сағ.23:00-ден 30 тамыз 06:00-ге дейін жол жабынына орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Байзақов көшесінің Тимирязев көшесінен Сәтбаев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен жабылады.

Жабық учаскені Әуезов, Сәтбаев Байтұрсынов және Тимирязев көшелері арқылы арқылы айналып өтуге болады.

Жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жоғарыда аталған көше учаскесінде патрульдік полиция полкінің 2 экипажы жұмылдырылатын болады.

Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Алматы жол телеграм арнасында (https://t.me/AlmatyJoly), сонымен қатар, 2ГИС және Яндекс карта қосымшаларында қолжетімді.

Жол жөндеу жұмыстары 2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жүргізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз.

Бұл қала жолдары ұзағырақ пайдалануға қажетті шара. Маршрутты алдын ала жоспарлап алыңыздар.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді