Alatau Run: Алматыда Конституция күніне орай жаппай жүгіруден жарыс өткізіледі

Сурет: freepik
30 маусымда Алматыда жыл сайынғы Alatau Run кешенді спорттық іс-шарасы өтеді, оған жүгіру, скандинавиялық жүріс жарысы, веложарыс кіреді. 14 жастан 60 жасқа дейінгі бес жас санаты бойынша спортшылар мен әуесқойлар қатарынан кемінде 1000 адам қатысады деп күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыс таудағы "Медеу" мұз айдынының тұрағынан басталып, мәре сызығы "Горельник"  орталығы мен "Шымбұлақ" тау шаңғысы кешенінде түйінділмек. Бастапқы нүктеден мәре сызығына дейінгі нақты қашықтық 7 шақырымды құрайды, жоғарылау биіктігі 680 метрге дейін.

Жарыс аясында спорттық-ойын-сауық бағдарламасы және ұтыс ойындары өткізіледі деп жоспарланған. Жас санаты бойынша жеңімпаздар қашықтықты ең қысқа уақытта еңсеруі бойынша анықталады (ерлер мен әйелдер арасында бөлек) және олар медальдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Бұған дейін алматылықтардың Конституция күні демалуға қайда бара алатыны хабарланған.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Ауа райы күрт бұзылады". Сенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Алматылық әйелдің ұзақ уақыт бойы мазасын алған ер адам сталкинг күдігімен ұсталды

Теміртауда осыдан екі ай бұрын із‑түзсіз жоғалып кеткен 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды

Тоқаев ҚТЖ-ны сынға алып, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру шарттарын атады

Павлодар облысында Қытайдың 20 азаматы ұсталды