Колледж студенттерінің шәкіртақысы 50%-ға артады

Сурет: freepik
Қазақстанда колледж студенттерінің шәкіртақы мөлшері 50%-ға өсті. Бұл туралы 2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Колледж студенттерін ынталандыру мақсатында 2023 жылдың қыркүйегінен бастап шәкіртақыны кезең-кезеңімен арттыру қарастырылған:


"Мемлекеттік тапсырыс бойынша оқитын студенттерге әлеуметтік қолдау – шәкіртақы, тамақ және жолақы қарастырылған. Сонымен қатар, жаңа оқу жылында колледж студенттері үшін 2,5 мың орындық 13 жаңа жатақхана ашылады". Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, 190 мың колледж студенті жаңа оқу жылын бастап жатыр, оның 133 мыңы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқиды. Кәсіпорындардың сұранысы бойынша – 10 мың студент.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биылғы жылы мемлекеттік білім беру тапсырысы 50 мың орынға ұлғайтылды. Квота санаты бойынша техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 75 мың студенті оқиды". Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Баспасөз қызметі

Ведомство мемлекеттік тапсырыстың техникалық мамандықтарға қайта бағдарланғанын атап өтті. Олардың қатарында геология, энергетика, металлургия және машина жасау, көлік, IT, құрылыс, педагогика және медицина сияқты салалар бар.

Бұған дейін Қазақстан халқын оқу жылының басталуымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Білім министрі Ғани Бейсембаев құттықтады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі