Маңғыстау облысында 7 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген

Сурет: gov.kz
Маңғыстау облысында 7 мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеген. Оқиға Мұнайлы ауданындағы мектептерде болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Хабар 24" телеарнасының хабарлауынша, енді олар осы күнге дейін мемлекеттен алып келген үстемақыны қайтаруға тиіс. Қазір іс бойынша материалдар сотта қаралып жатыр.

Тағы бір мұғалім қылмыстық жауапкершілікке тартылып, оған 70 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Жалпы биыл жергілікті колледжде жалған дипломмен сабақ берген сегіз оқытушы жұмыстан шығарылды. Ал былтыр осындай 14 қылмыстық іс қозғалған. 

"Облыстық білім басқармасымен білім беру бөлімдерінде тиісті кездесулерді ұйымдастырып келе жатырмыз. Мұғалімдер — біздің болашақ мамандарды дайындайтындықтан, оларға мұндай фактінің алдын алу бойынша тұрақты түрде жұмыс жүргізу ұсынылды. 2021 жылдан бастап алынған дипломдар интернет ресурсында көрінеді, яғни тексеріледі. Ал қалғандарын жұмысқа қабылдау кезінде жұмысқа қабылдаушы мекемелер тиісті оқу орнына сұраныс жолдау арқылы анықтауға болады".Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Біржан Хайруллин
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады