Тараз тұрғынынан көкнәр, марихуана және гашиш тәркіленді

Сурет: ҚР ІІМ
"Қарасора – 2023" жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында ҚР ІІМ "Бүркіт" ҰҰ арнайы мақсаттағы жасағын және Урия атты қызметтік іздестіру итін пайдалана отырып, Тараз қаласының Ақбұлақ шағынауданында 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Үйге тінту жұмыстарын жүргізу кезінде ер адамның жатын бөлмесінен жалпы салмағы 4,7 келі кептірілген марихуана, салмағы 13,85 грамм гашиш есірткі заты және салмағы 7,76 грамм көкнәр есірткісі табылып, тәркіленді.

"Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, бұл баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейді. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр", – деп хабарлады Жамбыл облысының ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін