Ақтөбеде ұрлық жасаған бикештер анықталды

Сурет: pixabay
19 қыркүйекте полицияның "102" телефонына екі жігіт ұрлық дерегі туралы арызданды. Арызданушылардың айтуынша, олар қаладағы дәмханалардың біріне тамақтануға барған.

Дәмханада олардың үстелдеріне екі бойжеткен келіп отырған. Бойжеткендердің біреуі жігіттердің бірінің бұрынғы танысы болып шыққан.

Телефондарын үстел үстінде қалдырып, сыртқа шыққан екі жігіт біраз уақыттан кейін келгенде телефондарын да, бойжеткендерді да таппай қалған.

Жәбірленушілер өздеріне келтірілген шығын көлемін 83 мың теңгеге және 180 мың теңгеге бағалады.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының жазбалары арқылы күдіктілерді анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер кінәсін мойындады. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі