WBO Global чемпионы Али Балоев баршаны белсенді демалыс кешіне шақырады

Сурет: zakon.kz
29 қыркүйек, жұма күні кешке Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары WBO Global-дың жаңа чемпионы Али Балоевпен жеке танысып, спортшының ресми серіктесі - Parimatch ұйымдастырған керемет сыйлықтар ұтысына қатыса алады.

10 қыркүйекте қазақстандық боксшы Али Балоев ауыр салмақтағы WBO Global-дың беделді белбеуін жеңіп алып, Қазақстанның қоржынына тағы бір чемпиондық атақ әкелді. Әзірге белбеуді қорғауға уақыт бар, спортшы отандастарына жауапты жекпе-жекте қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіруге шешім қабылдады. Өзінің серіктесі Parimatch-пен бірлесе отырып, Балоев барша ниет білдірушілерді 29 қыркүйекте Алматы қаласында танысу кешіне шақырады.

Келушілерді чемпионмен қол алысып, қолтаңба алып, естелік ретінде суретке түсудің ерекше мүмкіндігі күтеді. Белсендік танытқысы келетіндер ойын аймағында өз күштерін сынай алады: корнхолл ойнау, күш өлшегіште жаңа рекордты орнатужәне кедергілерден өту.

Оған қоса, ұйымдастырушылар батыл қатысушыларға арнап, керемет сыйлықтар дайындады: қолтаңбасы бар бокс қолғаптары, көз жауын алатын мерч және Алимен жеке жаттығу. Шараға келіп қатыса алмайтындар үшін Parimatch одан да көп сыйлықтар ұтып алуға болатын онлайн ұтыс ойынын өткізетін болады.

29 қыркүйекте сағат 18:00-де Гагарин 238/5 мекенжайындағы "Lucky Cent Club" спорт клубына жарқын әсер алу үшін кездесуге келіңіз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды