Халықаралық топ Қызыл кітапқа енген ителгі құсын Қазақстаннан алып шықпақ болды

Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
2023 жылғы 17 қыркүйекте Атырау қаласының әуежайында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазақстанның Қызыл кітабына енген 28 ителгі құсын контрабандалық жолмен шетелге шығармақ болған шетелдіктер мен ҚР азаматтарын ұстау бойынша арнайы операция жүргізді.

Қылмыстық пиғылы бойынша құстарды Таяу Шығыс елдерінің біріне жеткізуді жоспарлаған.

Ұйымдастырушылардың бірінің тұрғылықты жерін тінту барысында ителгі құсын ұстауға арналған арнайы жабдықталған бөлме, оларды ұйықтатуға арналған медициналық препараттар табылды.


ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 3-бөлігі (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Келтірілген залалдың сомасы 200 млн теңгеден астам. ҰҚК баспасөз қызметі

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.


Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент: Қазақстанға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі 150 млрд доллардан асты

Алматыда 19 жастағы қыз тоғызыншы қабаттан құлап, мерт болды

Арал ауданында түйе сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын зауыт іске қосылды

ШҚО-да жоғалған сәби аман-есен табылып, ата-анасына табысталды

Белгілі журналист, ақын Жұмабек Табынбаев өмірден өтті