Астана мен Алматыда -4°С-қа дейін аяз болады, ал Шымкентте күн +21°С-қа дейін жылынады

Алматы, Алматы зимой, виды города Алматы, зима в Алматы, зимой в Алматы, зимний Алматы, заморозки в Алматы, мороз в Алматы, снег в Алматы, похолодание в Алматы, снегопад, снегопад в Алматы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2026 15:53 Фото: pexels
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2026 жылғы 29-31 қазан аралығында еліміздің үш ірі қаласындағы ауа райы болжамын ұсынды. Болжам бойынша, әдеттегідей ең жылы ауа райы Шымкентте сақталады. Астанада жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, ал Алматыда үш күннің бірінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды Zakon.

Астана

  • 29 қазан: көшпелі бұлт шығады, күннің екінші жартысында аздаған жаңбыр жауады. Жел екпіні секундына 14 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы -2-4°С, күндіз +9+11°С болады.
  • 30 қазан: көшпелі бұлт шығады, түнде қар, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метр болады. Түнде ауа температурасы -1-3°С, күндіз +5+7°С болады.
  • 31 қазан: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел екпіні секундына 12 метрге жетеді. Түнде ауа температурасы -2-4°С, күндіз +7+9°С болады.

Алматы

  • 29 қазан: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр болады. Түнде ауа температурасы +1+3°С, күндіз +11+13°С болады.
  • 30 қазан: көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы -1-3°С, күндіз +12+14°С болады.
  • 31 қазан: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +1+3°С, күндіз +12+14°С болады.

Шымкент

  • 29 қазан: көшпелі бұлт шығады, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Желдің жылдамдығы секундына 8-13 метр болады. Түнде ауа температурасы +4+6°С, күндіз +16+18°С болады.
  • 30 қазан: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы секундына 13 метрге дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +3+5°С, күндіз +17+19°С болады.
  • 31 қазан: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +3+5°С, күндіз +19+21°С болады.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: