Тұман және 13 градусқа дейін аяз: Астана мен Алматыда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Медео, Медеу, канатная дорога на Чимбулак, Шымбулак, высокогорное урочище, горы, снег, холод, каток, высокогорный спортивный комплекс, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2025 16:13 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
"Қазгидромет" РМК синоптиктері еліміздің үш ірі қаласына ауа райы болжамын ұсынды. Осылайша, 2025 жылдың 18-20 ақпаны аралығында Алматы мен Шымкентті тұман басып қалады. Осы уақытта Астанада аздаған қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана

18 ақпан: ауыспалы бұлтты, кей жерлерде аздаған қар жауады. Желдің екпіні секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 4-6 градус аяз.

19 ақпан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 4-6 градус аяз.

20 ақпанда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 3-5 градус аяз.

Алматы

18 ақпанда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдар көктайғақ. Жеңіл жел болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.

19-20 ақпан: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман, жолдар көктайғақ. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 3-5 градус жылы.

Шымкент

18 ақпанда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні секундына 5-10 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 3-5 градус аяз, күндіз 11-13 градус жылы.

19 ақпан: құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман. Жел көтеріледі. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 8-10 градус нөлден жоғары.

20 ақпанда: құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Желдің екпіні секундына 8-13 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 10-12 градус жылы.

Бұған дейін метеорологтар Қазақстан бойынша 2025 жылдың 18-20 ақпанына арналған ауа райы болжамын жариялаған болатын. Мамандардың айтуынша, бұл күндері ел тұрғындарын тұрақсыз ауа райы күтіп тұр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: