Астанада үсік жүріп, Алматыда жаңбыр жауады, Шымкентте күн +35°С-қа дейін ысиды – жаңартылған болжам
Фото: Zakon.kz
Астана бойынша ауа райы болжамы
29 тамыз: көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Кей уақыттарда найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с болады. Ауа температурасы түнде +9...+11°С, күндіз +19...+21°С.
30 тамыз: көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +8...+10°С, күндіз +13...+15°С.
31 тамыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +2...+4°С, топырақ бетінде 1°С үсік жүреді, күндіз +12...+14°С.
Алматы бойынша ауа райы болжамы
29 тамыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Батыстан 3–8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз қатты ыстық болып, +33...+35°С-қа дейін көтеріледі.
30 тамыз: көшпелі бұлтты, күннің екінші жартысында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с, күндіз екпіні 15 м/с болады. Ауа температурасы түнде +17...+19°С, күндіз +31...+33°С.
31 тамыз: көшпелі бұлтты, өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан, шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 3–8 м/с, кей уақыттарда екпіні 15–18 м/с болады. Ауа температурасы түнде +15...+17°С, күндіз +28...+30°С.
Шымкент бойынша ауа райы болжамы
29 тамыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +33...+35°С.
30 тамыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +33...+35°С.
31 тамыз: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8–13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20°С, күндіз +30...+32°С.
Бұған дейін синоптиктер жаздың соңғы күндерінде ауа райы қазақстандықтарды таңғалдыратынын хабарлаған еді. "Қазгидромет" мәліметінше, елімізде нөсер жаңбыр жауып, қар түседі және үсік жүреді.