Алматыда жылу беру маусымы ертерек басталуы мүмкін

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қалада жылу беру маусымы әдеттегіден сәл ерте басталуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
28 қыркүйекте өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте журналистер Әсел Қалықоваға 2022 жылы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлері Алматыда суық тию жағдайларының көбеюін жылуды кеш қосумен байланыстырғанын еске салды.
"Жылу беру маусымының уақтылы басталуы үшін қала басшылығына қандай да бір тілектер жолдадыңыздар ма?" – деп сұрады олар Әсел Қалықовадан.

Ол санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдары тарапынан осындай ұсыныстар берілгенін атап өтті.

"Ауа райы жағдайын ескерсек, суық түскелі көп те болған жоқ, ал қазір күн жылынғанын байқап отырмыз, бірақ олар біздің ұсынысымызға құлақ асып, жылуды сәл ертерек береді деп ойлаймын", – деп жауап берді Әсел Қалықова.

"Алматы жылу желілері" ЖШС Алматы қаласын жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, уәкілетті органның қаулысымен сыртқы ауаның тұрақты орташа тәуліктік температурасы бес күнде +8°С және одан төмен болған кезде объектілерді кезең-кезеңімен жылуға қосу басталатынын мәлімдеген еді.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді