АҚШ елшісі хиджаб жөніндегі пікірін ортаға салды

Сурет: Zakon.kz
29 қыркүйекте өткен баспасөз мәслихатында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм қоғамдық орындарда хиджаб кию мәселесіне көзқарасын білдірді. Ол АҚШ әрдайым діни сенім бостандығы идеясын қолдайтынын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Америкалық дипломат бұл мәселеге Өзбекстанда жұмыс істеп жүрген кезінде тап болғанын айтты.

"Шынымды айтсам, қоғамдық орындарда, мектептерде хиджаб кию мәселесімен онша таныс емеспін. Мен бұл мәселемен бұрын жұмыс істеген Өзбекстанда жиі кездестім. Бұл мәселе ол жақта да қызу талқыланатын".Дэниел Розенблюм

Ол бұл жағдайға қатысты нақты пікір білдіре алмайтынын, бірақ Америка Құрама Штаттары дін бостандығы мен сөз бостандығын әрқашан қолдайтынын айтты.

22 тамызда ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкімет кулуарында Қазақстан мектептерінде хиджаб киюге рұқсат беру мәселесіне тоқталып, барлық оқушылар заң талаптарына сәйкес сабаққа мектеп формасымен келуге тиіс екенін баса айтты.

АҚШ
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты