Алматыда заңсыз жұмыс істеген өзбекстандық 15 азамат анықталды

Сурет: Zakon.kz
Заңсыз жұмыс істеген шетелдік азаматтарды полиция қызметкерлері 2-8 қазан аралығында өткізіліп жатқан "Нелегал" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында анықтады.
"Мақсат – заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу. Іс-шара аясында қаланың Наурызбай ауданында ҚР-ның көші-қон заңнамасын бұзған Өзбекстанның 15 азаматы ұсталды. Олар құрылыс және жол жұмыстарына заңсыз тартылған. Тексеру кезінде шетелдіктердің жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған. Олар ПД-ның қабылдап-таратуына орналастырылды. Әрбір құқық бұзушының жеке басын анықтау жұмыстары жүргізілуде", – деп хабарлады Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сондай-ақ полиция мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен Ресей Федерациясының 35 жастағы азаматшасын ұстағаны туралы хабарлады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 392-бабына сәйкес қылмыстық іс тіркеліп, тергеліп жатыр.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді