Қазақстанда бірқатар кәсіпорын жабылып қалуы мүмкін

Сурет: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығын субсидиялаудың тиімділігі өте төмен, газ бағасы 120%-ға қымбаттағанның кесірінен бірқатар кәсіпорын жабылып қалуы мүмкін, ал банктер отандық компанияларға несие беруден бас тарып отыр.

"AMANAT" партиясы бизнес-қауымдастықтардың жетекшілерімен кеңес өткізіп осындай өзекті мәселелерді талқылады.

Кәсіпкерлер жұмыс барысында кедергі келтіретін бұдан өзге түйткілдерді көтерді. Мәселен қосылған құн салығының көтерілуі жаппай қымбатшылыққа алып келуі мүмкін, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл бизнес өкілдерімен қатар халыққа да ауыр тиеді. Партиялықтар проблемаларды зерттеп, ең өзектілерін Үкімет деңгейінде көтеретіндерін айтты.

"Үйлестіру жұмыстарының мүлде жоқ екенін көріп отырмын. Атамекен бір сұрақты көтереді. Ол мәселе министрлікте де, бізде де қозғалады. Сондықтан бірлесе жұмыс істеу керек деп есептеймін. Бүгін айтылған мәселелерді көпшіліктің сұрауы деп қабылдауымыз керек. Сондықтан проблемаларды біздің партияның алаңында шешуді ұсынамын." Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты, "Amanat" фракциясының жетекшісі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды