Отандық арналардан ада тоғыз ауылда қырғыздың 40 телеарнасы сарнап тұр

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы тоғыз елдімекенде қазақстандық телеарналар мүлде көрсетпейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Таңы айыр қалпақты ағайындардың жаңалығымен атып, кеші қырғыз сериялдарымен бататын ауыл халқы тек көрші елдің ақпаратын сіңіріп отыр. Ал қазақ тіліндегі өнімдерді тамашалау үшін арнайы спутник антенна сатып алуы керек. Отандық арналардың станциясы Қордайдан 300 шақырым қашықта орналасқандықтан қуаты жеткіліксіз, - дейді аудан атқамінерлері. Облыс орталығынан гөрі Бішкек жақын. Сол себепті ауылдарда 40-қа тарта қырғыз арналары көрсетіп тұр. Ал шенеуніктер осы мәселе бойынша тұрғындар тарапынан тек толастап ұсыныс түсіп жатса ғана "Қазтелерадио" мекемесіне ұсыныс береміз деп отыр, деп хабарлайды КТК.

"Қордай ауданында 2004 жылы 9 станция орнатылған. Оның қуаттылығы 50-100 КВ. Атап айтатын болсақ, ол 9 ауыл: Қайнар, Шүміш, Қарасай, Масаншы, Керу, Алға, Үлкен Сұлутөр, Кенен және Бел. Ал бұл станцияның күші жетпейтін 8 ауылға спутник антеннасы орнатылған. Бүгінгі таңда аудан бойынша отандық арналардың 11-і ғана көрсетіледі". Қордай ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мадияр Қадабаев
Тараз
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: