Аудан әкімдерін сайлау: Үгіт-насихат кезеңінде әрбір кандидатқа 420 мың теңге беріледі

Сурет: Қызылорда облыстық сайлау комиссиясы
Қызылорда облысында Шиелі және Сырдария аудандары әкімін сайлау 5 қараша күні өтеді.

Бүгінде 2 аудандағы аумақтық сайлау комиссиялары аудан әкімі болуға ниетті кандидаттардан ұсыным құжаттарын қабылдауды аяқтады.Кандидаттардың ұсынылған құжаттары тексеруден өткеннен кейін тіркеу процесі жүргізіледі.

Айта кетейік, кандидаттар партия атынан және өзін-өзі ұсынуға мүмкіндігі бар.
Әрі қарай кандидаттар үшін үгіт кезеңі басталады. Бұл сайлауда үміткерлердің өз сайлау қорлары болмайды. Сайлаушылармен үгіт кезеңінде Қызылорда облысында әрбір кандидатқа 420 мың теңге белгіленді. Ол бұқаралық ақпарат құралдарына шығуға, үгіт материалдарын шығаруға және көліктік шығыстарды пайдалануға бағытталған.

Еске салайық, екі ауданда сайлау өткізуге жауапты аумақтық сайлау комиссиясы төрағаларының 20 жылдан аса тәжірибесі бар. Бүгінде Сырдарияда 18, Шиеліде 40 учаскелік комиссия жұмыс істейді. Оларда 388 комиссия мүшесі қызмет атқаратын болады.


Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті